Алматыда зейнеткерлерді жұмысқа қабылдап жатыр

22 Қыркүйек, 04:34 7118

Алматыда биыл жазда «Алтын жас» бағдарламасы басталды. Аталған бағдарлама аясында зейнеткерлерді жұмысқа қабылдайтын жұмыс берушілерге қызметкер жалақысының 50% субсидияланады. Бірақ ол сома бір ең төменгі есептік көрсеткіштен аспайды (2024 жылы-85 мың теңге), деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі. 

«Алтын жас» аясында күні бүгінге дейін 355 алматылық жұмысқа орналастырылған. 

Бұл бағдарламаның негізгі шарты жұмысқа тұрушылардың барлығы жұмыссыз ретінде тіркелуі және Алматыда тұрақты тұрулары тиіс.

Өтінішті онлайн режимінде жіберуге және кеңес алуға (эл. пошта: a.jas@almaty.gov.kz немесе WhatsApp нөмірі бойынша+7 708 961) болады. Сондай-ақ жеке кеңес алу үшін Еңбек мобилділігі орталығына (Достық даңғылы, 85, 2-қабат, каб. 201а) баруға болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: