29.07.2023
18:53
1545
Алматыда заңсыз жүрген 54 шетелдік азамат ұсталды

Алматыда заңсыз жүрген 54 шетелдік азамат ұсталды

Алматыда полиция департаментінің мамандары Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген 54 шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі

Полицейлер заңсыз жүрген шетелдіктерді қаладағы хостелдерден тапқан.

ҚР көші-қон заңнамасын сақтау бойынша рейдтер құқық бұзушылықтың алдын алуға және заңсыз көші-қон арналарын анықтауға бағытталған. Бір аптада басқа елдердің 50 азаматы және көршілес елдердің 165 азаматы әкімшілік жауапқа тартылды. 104 шетел азаматы құжаттарының болмауына байланысты қабылдап-тарату орындарына орналастырылды. Тағы 22 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сонымен қатар 54 жеке және заңды тұлға, оның ішінде Нигерияның 12 азаматын, Бразилияның 2 азаматын заңсыз жұмысқа тартқан фирма басшылығы әкімшілік жауапқа тартылды, - деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Департаменттің мәліметінше, рейдтік іс-шаралардың мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзу деректерін және шетелдіктерді заңсыз жұмысқа орналастыру деректерін анықтау, сондай-ақ шетел азаматтары тарапынан қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу болып отыр.