Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Тәжікстан мен Өзбекстанның 30 азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 2 380 адам анықталды, олардың 813-і шетелдік азамат. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция департаментінің қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 387 шетел азаматы орналастырылды. Сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстанда болуының заңдылығын қамтамасыз етпеген 349 азаматқа қатысты әкімшілік шара қолданылды, - деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Сондай-ақ ол Тәжікстан мен Өзбекстанның 30 азаматы елден шығарылғанын атап өтті.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары