03.10.2023
11:47
1028
Алматыда заңсыз жұмыс істеген 15 өзбекстандық анықталды

Алматыда заңсыз жұмыс істеген 15 өзбекстандық анықталды

Алматыда заңсыз жұмыс істеген өзбекстандық 15 азамат анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Заңсыз жұмыс істеген шетелдік азаматтарды полиция қызметкерлері 2-8 қазан аралығында өткізіліп жатқан “Нелегал” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.

Мақсат – заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу. Іс-шара аясында қаланың Наурызбай ауданында ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстанның 15 азаматы ұсталды. Олар құрылыс және жол жұмыстарына заңсыз тартылған. Тексеру кезінде шетелдіктердің жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған. Олар ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды. Әрбір құқық бұзушының жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ полиция мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Ресей Федерациясының 35 жастағы азаматшасын ұстағаны туралы хабарлады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 392-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, тергеліп жатыр.