15.09.2022
17:00
1561
Алматыда үйлердің біріне бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен

Алматыда үйлердің біріне бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен

Алматыда тұрғын үйлердің біріне бомба қойылғаны туралы хабарлама жалған болып шықты, деп хабарлайды El.kz Рolisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

«14 қыркүйек күні сағат 23:45 шамасында Медеу аудандық ПБ-ның кезекші бөліміне Алматы қаласының Жамбыл көшесіндегі үйлердің бірінде бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұл дерек Қазақстан Республикасы ҚК-нің 273-бабында көзделген қылмыс негізінде тіркелді. Оқиға орнына қаланың арнайы және жедел қызметтері жіберілді. Ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген ресми хабарламада.