16.08.2022
23:46
1510
Алматыда әйел адам 25-қабаттан құлады

Алматыда әйел адам 25-қабаттан құлады

Алматы қаласындағы Розыбакиев көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің 25-қабатынан құлаған әйел адам оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды  El.kz.

Бұл ақпарат ҚР ІІМ-нің telegram-арнасында жарияланды.

– Кешкі уақытта 102 пультіне Розыбакиев көшесіндегі ТК-нің бірінің 25-қабатында орналасқан балконнан әйел адамның құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Ақпарат расталды. Марқұмның жеке басы анықталды, - деді ІІМ баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Бостандық аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.