Алматыдағы Саин көшесі жабылады

14 Қыркүйек 2022, 03:36 1898

Ал 14 қыркүйек сағат 21:00 мен 15 қыркүйек сағат 6:00 аралығында Саин көшесінің Шығыс бөлігінде солтүстік бағытта Торайғыров көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі.

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Саин көшесі ішінара жабылады, - деп хабарлайды EL.KZ Алматы Қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

Саин көшесінің Шығыс бөлігінде солтүстік бағытта жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 13 қыркүйек сағат 21:00 мен 14 қыркүйек сағат 6:00 аралығында Абай даңғылынан Шаляпин көшесіне дейін көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі. Сонымен қатар, 13 қыркүйек сағат 21:00 мен 14 қыркүйек сағат 6:00 аралығында және 14 қыркүйек сағат 21:00 мен 15 қыркүйек сағат 6:00 аралығында Абай даңғылынан Ұлықбек көшесіне дейінгі бөлігінде көлік жүрісі уақытша ішінара шектеледі. Ал 14 қыркүйек сағат 21:00 мен 15 қыркүйек сағат 6:00 аралығында Саин көшесінің Шығыс бөлігінде солтүстік бағытта Торайғыров көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі, - делінген хабарламада.

Жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Ведомство келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап алуды сұрады.
EL.KZ
Бөлісу: