07.12.2018
11:46
3520
Алматыдағы этнос өкілдеріне қазақ қолөнері мен қолөнер шеберлік сыныптары өткізілді

Алматыдағы этнос өкілдеріне қазақ қолөнері мен қолөнер шеберлік сыныптары өткізілді

Алматы қаласындағы Достық үйінде «Киелі дәстүр мұрагерлері» тақырыбында шеберлік сыныптары өткізілді.

Іс-шара «Қазақтану» жобасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  мен Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты тарихи сана-сезімін жаңғыртуға арналған «Мыңжылдық дала фольклоры мен музыкасы» жобасының аясында өткізілді.

Шеберлік сыныптарын «БЛЭК» компаниясының менеджері Анастасия Гатиятова, қазақ қолөнер бұйымдары бойынша - Әділхан Жібек, Сұлтан Тілек, Айдар Бексұлтанов жүргізді.

Шеберлік сыныптар Алматыдағы этникалық топтардың өкілдеріне қазақ халқының мәдениеті мен қолөнер бұйымдарын жасау мен олардың пайда болу тарихын көрсетуге бағытталған. Іс-шара барысында ұлттық бұйымдарды безендіру, дизайнерлік киім, тұрмыстық заттардың көрмесі ұйымдастырылды, сондай ақ қатысушылар белгілі бір заттың пайда болу тарихы мен  өндіріс әдісімен танысты.