29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматыда үйді жәндіктерден тазалаймын деген желеумен ұрлық жасап жүрген күдікті құрықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үй жәндіктерін улап, пәтер тонап жүрген ұры қолға түсті. 32 жастағы күдіктінің аз дегенде бес пәтер ұрлығына қатысы болуы мүмкін.
Күдікті тұрғындардың үйлеріне жәндіктерді улау қызметімен айналысатынын желеу етіп кірген. Үй ішін арнайы дәрілермен залалсыздандыру барысында үй иесінің шығып кетуін сұраған. Ал бұл уақытта қаскөй алтын, күміс бұйымдарды іздеп тауып, қолды етіп үлгерген. Біз оны дереу анықтап, қолға түсірдік. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп мәлімдеді Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Тимур Мулинов.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек