Алматыда ұлы көзі көрмейтін зейнет жастағы анасын ұрып тастады

6 Мамыр, 17:25 2414

Алматыда ішімдікке құмар ер адам зейнеттегі көзі көрмейтін анасын жиі ұрып келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдің көршілері полицияға арызданғанмен, ер адам темір торда бірнеше күн өткізіп, қайта бостандықта жүретін көрінеді. Соңғы рет ұлы анасын ұрған оқиға 1 мамыр күні болған. 76 жастағы зейнеткердің жан дауысын естіген көршілер тез арада жеткенмен, оны ауыр соққыдан арашалай алмады. Осындай жайттардан кейін ұлы анасының көзі көрмегендіктен, өзі құлап қалды деп ақталған.

Алматы қалалық полиция департаментінде қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, ер адам 10 күнге қамауға алынды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: