07.06.2025
14:49
3060

Алматыда ТЖМ құтқарушылары 8 айлық сәбиге көмектесті

Бүгін Наурызбай ауданында орналасқан Alma City тұрғын үй кешенінде 8 айлық сәбидің саусағы аспираторда қысылып қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен баланың саусағын қауіпсіз түрде босатып, дәрігерлерге тапсырды.

Құтқарушылардың кәсіби әрі шапшаң әрекетінің арқасында балақайға дер кезінде көмек көрсетілді.