Алматыда тыйым салынған орында суға түскен 4 азамат әкімшілік жауапқа тартылды

24 Шілде 2023, 13:00 941

Алматының су айдындарында жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында қалалық Төтенше жағдайлар департаменті алдын алу іс-шараларын жүргізуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің мәліметінше, мегаполистегі ауа температурасы – 35-38 градус. Бұл Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын суға түсуге итермелейді.

Оқи отырыңыз:

Өткен аптадағы рейд барысында 3 800-ге жуық жадынама таратылды. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 4 адам әкімшілік жауапқа тартылып , 97 000 теңге айыппұл арқалады, - деп жазылған ТЖД хабарламасында.

Жауапқа тартылған азаматтар тыйым салынған жерлерде, яғни, Шаңырақ шағынауданындағы Үлкен Алматы өзені (Алатау және Бостандық ауданы), Қарасу өзенінің сағаларында (Шестуха) (Түрксіб ауданы) суға түскен.

Равиль Ашығали
Бөлісу: