Алматыда туристер мінген автобус апатқа ұшырады

27 Мамыр, 13:30 675

27 мамырында сағат 10:20-да Алматы облысы, Кеген ауданы, Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумақта туристер мінген автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала ақпарат бойынша, автобус “Қазавтожол” желісіне жататын “Аласа” асуындағы күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына дереу Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы шықты.

Автобуста 37 адам болған. Кеген аудандық ауруханасына 5 адам, Жалағаш аудандық ауруханасына 4 адам, Шелек ауылына 4 адам жеткізілді.

Орын алған жол апаты бойынша адам шығыны тіркелмеген. Оқиғаның нақты себебі әлі белгісіз, тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, туристер дәрігерлердің бақылауында.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: