17.10.2024
12:47
1210
Алматыда тұрғын үй өртеніп жатыр

Алматыда тұрғын үй өртеніп жатыр

17 қазан күні Алматыдағы Шевченко – Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан көпқабатты үй өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық ТЖД Қашғар көшесіндегі үйге бірнеше өрт сөндіру бөлімі аттанғанын мәлімдеді. Оқиға орнында пәтер мен шатыр жанып жатқаны анықталды.

Аумағы анықталып жатыр. Өрттің таралу қаупі жоқ, - делінген мәліметте.

Оқиға орнында 25 өрт сөндіруші мен 6 бірлік техникасы жұмыс істеп жатыр.