Алматыда түнгі клубта мефедрон сатқан азамат ұсталды

11 Қыркүйек 2023, 12:12 858

Алматы қаласының түнгі клубтарының бірінде мефедронды өткізу кезінде Жамбыл облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синтетикалық есірткінің дозалары салынған орамдарды күдікті ұялы телефонының чехолына жасырған.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, клубта толығымен тінту жүргізілген, алайда бұдан басқа тыйым салынған заттар табылмаған.

Равиль Ашығали
Бөлісу: