Алматыда трансформатор өртенді

22 Қазан, 09:36 288

Алматылық өрт сөндірушілер жанып жатқан трансформаторды сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бостандық ауданында Желтоқсан көшесі бойында трансформаторлық қосалқы бекетінің 10 шаршы метр алаңда жануы орын алды. Ауа-механикалық көбікті қолданған өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт одан әрі жайылмай толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: