Алматыда тоғызқұмалақтан оқушылар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр

24 Қыркүйек 2023, 15:47 616

Алматыда оқушылар арасында тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан командасы рапидте төрт алтын жүлдеге ие болды. Чемпиондар Махмұтжан Әзімхан, Ернұр Батыр, Айдана Молдабек және Аяна Исахан.

23-24 қыркүйек блиц бойынша жарыстар өтеді, ал турнирдің соңғы күні-24 қыркүйекте жеңімпаздарды марапаттау және турнирдің жабылуы жоспарланған.

Асқар Таудай
Бөлісу: