Алматыдағы караоке-барда жаппай төбелеске қатысып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған белгілі актер Асқар Жұмабек бостандыққа шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі досына араша түсемін деп түрмеге түскен болатын.
Алла ұлық! Алла ғажайып беруші. Алла – жалғыз. Сүйінші қазақ елі, менің жанашырларым, көрермендерім! Мен орталарыңызға қайта оралдым!, – деп жазды актер.