Алматыда тіл саясатын жүзеге асыру және ұлтаралық келісімді нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткерлері марапатталады

5 Қыркүйек 2019, 11:12 3398

5 қыркүйекте сағат 15.00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Алматы қаласының республикалық Достық үйінде (Құрманғазы көшесі, 40) Қазақстан халқының тілдері күні аясында «Тіл – татулық тірегі» республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, іс-шараның мақсаты – тілдік мәдениет пен жалпы адами рухани құндылықтар принциптеріне негізделген қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты, қазақстандық бірегейлікті, толеранттылық пен өзара түсіністікті нығайту және дамыту.

Конференция барысында қатысушылар Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстан этностарының тілі мен мәдениеті дамуының негізгі бағыттары бойынша пікір алмасады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» ҚҚ президенті Арман Әубәкір Қазақстан Республикасында тіл саясатын жүзеге асыру және ұлтаралық келісімді нығайту ісіне үлес қосқан қоғам қайраткерлеріне, зиялы қауым өкілдеріне «Қазақ қыраны» төсбелгісін табыстайды.

Бөлісу: