Алматыда тергеу изоляторынан қашып кеткен қылмыскер ұсталды

15 Қазан 2022, 13:14 1470

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарасу ықшам ауданынан қашқын ұсталды

Алматының криминалдық полиция қызметкерлері ЛА-155/18 мекемесінен қашып кеткен қылмыскерді түнде ұстады, деп хабарлайды El.kz.

Криминалдық полиция басқармасы мен Түріксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарасу ықшам ауданындағы Солтүстік айналма көшесі бойында қашқын ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қашу дерегі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 426-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді", - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.

Бөлісу: