Алматыда терезе жуып жатқан әйел 10-қабаттан құлап кетті

Алматыда терезе жуып жатқан әйел 10-қабаттан құлап кетті

Алматы облысында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінің терезесін жуып жатқан әйел төменге көз жұмды. Желідегі ақпаратқа сүйенсек, ол биіктен құлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы @youralmaty Telegram-арнасы жазды. Оқиға бүгін 15 наурыз күні Бесағаш ауылында болған. Алдын ала деректер бойынша, 41 жастағы әйел терезе жуып жатқан кезде абайсызда 10-қабаттан құлап кеткен. Өкінішке қарай, ауыр жарақат алған әйел оқиға орнында көз жұмды.  

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.