2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАлматыда таулы аймақтағы мұздақ көлдер мен селден қорғау инфрақұрылымының жағдайы тікұшақпен шолу арқылы тексерілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұған қала әкімі, орынбасарлары, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің, Төтенше жағдайлар департаментінің және сала басқармаларының басшылары да қатысқан. Тікұшақпен шолу барысында «Медеу», «Үлкен Алматы», «Қарғалы» су бөгеттері мен Ақсай, Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде орналасқан №6, 8, 9, 10 және 13-Бис мұздақ көлдері секілді негізгі селден қорғау нысандары қамтылды. Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазселденқорғау» және Сейсмикалық қауіпсіздік пен жұмылдыру дайындығы басқармасы басшыларымен бірлесіп, алдағы жұмыстар талқыланды.
Бүгінде Алматы тауларында 51 мұздақ көл бар. Оның 14-інде бұзылу қаупі болса, 6-уы ең жоғары қауіп төндіретін нысандар қатарында. Бұл көлдер халық тығыз қоныстанған аймақтар арқылы ағатын өзендердің бастауында орналасқан.
«Қазселденқорғау» мекемесінің АГЭТУ басшысы Самат Дәуленқановтың айтуынша, қауіпті нысандарда су деңгейін төмендету, сифон желілерін іске қосу және эвакуациялық арналарды тазалау секілді алдын алу шаралары жоспарланған. Сондай-ақ, бақылау күшейтіліп, 31 автоматты станция, 23 бақылау бекеті мен 8 маусымдық нүкте жұмыс істеп тұр. Арнайы техникамен жабдықталған жедел іс-қимыл тобы құрылып, кезекшілік ұйымдастырылған.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова