Алматыдағы «Горный Гигант» шағынауданында газ қысымы төмендеп кеткен. Аталған ауданда көбіне жер үйлер орналасқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тұрғындар үйінде газ тапшылығы бар екенін айтып шағымданған.
Әкімдіктің хабарлауынша, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ жедел тобы газ қысымының түсіп кетуіне себеп болған ақауды іздеп жатыр. Газ тарату желілеріндегі ақаудың себебі әлі анықталған жоқ. Оқиға орнында газ қызметінің жедел топтары жұмыс істеп жатыр.
Оқи отырыңыз: