Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді?

15 Желтоқсан 2022, 13:01 1570

Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлім етті

Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыда түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, соның ішінде ғылыми-практикалық конференциялар, фотокөрмелер, дөңгелек үстелдер өткізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

15 желтоқсан – Д. Қонаев атындағы мұражайда «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі» атты фотокөрме.
15 желтоқсан - Ғылым Ордасында қоғамдық ұйымдар мен тарихшылардың қатысуымен 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғаларға арналған конференция.
16 желтоқсан - Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне гүлшоқтары қойылады.
17 желтоқсан - 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының 36 жылдығы аясында «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтары қойылады.

EL.KZ
Бөлісу: