Алматы полиция департаментінің мәліметінше, 2 желтоқсан күні сағат 21:57-де Шаляпин көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері "Тойота" автокөлігін тоқтатқан. Медициналық сараптама нәтижесінде көлік жүргізушісі есірткі қолданып, масаң күйде болғаны анықталған.