18.07.2024
11:50
2330
Алматыда тағы да автобус соғысты: қаза болғандар бар

Алматыда тағы да автобус соғысты: қаза болғандар бар

Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Toyota жүргізушісі Талғар тас жолымен батыс бағытта келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, жеке тасымалдаушыға тиесілі автобуспен соқтығысқан, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Апат салдарынан Toyota көлігіндегі екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

Еске сала кетейік, 16 шілде күні оңтүстік астанада жолаушылар автобусы тас қоршауға соғылып, бірнеше адам жарақат алған еді.