Марапатты Алматы қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Ерлан Әлібеков табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ТЖМ бұйрығымен, 28 жастағы алматылық бокстан жаттықтырушы Данияр Сафин жасөспірім қызды, сондай-ақ оның шәкірттері Назерке Ерікова және Дастан Құрманғали баланы суда құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен қайсарлығы үшін «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды.
«Азаматтық қорғау органдарының атынан сіздерге ерліктеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздер қызды құтқарып, оған екінші өмір сыйладыңыздар деп те айтуға да болады. Сіздердің шебер әрекеттеріңіз бен азаматтық ұстанымдарыңыздың арқасында жазатайым оқиғаның болуына жол берілмеді. Сізге және ұжымыңызға спортта және жаттықтырушылық қызметте үлкен табыс тілеймін. Жалпы, қала тұрғындары мен қонақтарына жолды қысқартпауға және осы каскадтардың астынан өтпеуіне кеңес береміз.Каскадтардың тайғақ болуына байланысты қауіпті болып табылады», - деп Ерлан Әлібеков атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 2 маусым күні сағат 20:00 шамасында бокстан жаттықтырушы Сафин Данияр оқушылар тобымен «Шахристан» ТК аймағындағы Үлкен Алматы өзені арнасының бетон (тұрақтандырылған) жағасында жүгіріп келе жақтан. Кенеттен, алда келе жатқан топ мүшелері Даниярды шақырып алып, суды нұсқады. Ол су ағынынан баланың екі қолын көрді, бұл13-14 жас шамасындағы қыз бала еді. Белгілі болғандай, ол су төгетін түсіп кетіп, оны қатты ағын тартқан. Данияр өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, бір секундта кідірмей, өзен арнасына көмекке жүгіріп барып, қызды құтқарып, оны қауіпсіз жерге шығаруға көмектескен екі шәкіртіне берді.
«Менің сол аяғымды қатты ағын тартты. Оң аяғыма және бетон тірегіне сүйеніп, судан әлсіреп қалған қызды бірден шығарып алдым. Шамасы, ол ұзақ уақыт бойы судан шығуға тырысқан, алайда ағынды жеңе алмай, су астына түсе бастаған. Қыз құрбысымен және құтқаруға көмектескен ересектермен қауіпсіз жерге шығарылды. Өкінішке орай, мен қыздың атын сұрап үлгермедім, оны қауіпсіздігіне көз жеткіздім, әрі қарай жаттықтырушылық жұмысымды керек болды. Суға батып бара жатқан қызды байқаған шәкірттер тобына алғыс айтқым келеді», - дейді Данияр Сафин.