Виктор Изюмниковті мерейтойында десанттық-шабуылдау әскерлері, ардагерлер кеңесі және премьер-министр арнайы құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Виктор Изюмников 1924 жылы туып, 1942 жылы 17 жасында майданға аттанған.
Ол Әуе-десанттық күштерде қызмет етті, Венгрияда, Австрияда, Венаны басып алуда және басқа қалаларда шайқастарға қатысып, 100-ден астам парашютпен секірді.
Соғыстан кейін Виктор Карпович өз өмірін агрономия мен қоғамдық қызметке арнады.
Ол Қазақстанның еңбек сіңірген агрономы, экономика ғылымдарының кандидаты, Жоғарғы Кеңестің депутаты, Қазақстан Компартиясы ОК мүшесі болды. Оның еңбегі ордендермен және медальдармен марапатталды.