Алматыда әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады

22 Тамыз 2022, 20:04 1502

Әскери қызметші Абылай Сабыров 2001 жылы туған

ҚР Ұлттық ұланы келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі өзін-өзі атқан, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"22 тамыз сағат 15:15-тер шамасында қызметтік міндетін орындау кезінде келісімшарт бойынша әскери қызметші Абылай Сабыров (2001 жылы туған) 3650 әскери бөлімінде (Алматы қаласы) өзіне бекітілген тапаншамен өзін-өзі атып, алған жарақатының нәтижесінде қайтыс болды. 

Құқық қорғау органдары қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мен "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскери қызметші Абылай Сабыровтың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - деді ведомствада. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге жатпайды.

Бөлісу: