Алматыда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді

8 Қыркүйек 2022, 11:07 1491

Қазір күдікті синтетикалық есірткіні интернет арқылы алғанын алға тартып отыр

Алматыда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері тұрақты есірткі тасымалдаушысын ұстады, одан бірнеше мекенжайдан сот-химиялық сараптаманың қорытындысы бойынша 1 келіден астам синтетикалық а-PVP есірткісі тәркіленді. 

«37 жастағы күдікті азамат үш мекенжайға бетбелгі қою барысында ұсталды. Изолентаға оралған есірткі заттары бірден тәркіленді. Сонымен қатар, күдіктінің Толстой көшесіндегі жалдамалы пәтері де тексерілді. Нәтижесінде ас үйдегі сөреден жасыл және ақ түсті ұнтақты заты бар 40 бума анықталды. Сондай-ақ, залдан қорап табылды, оның ішінде ұнтақты заты бар 331 бума болды. Самалдықтан қызыл, көк, ақ және жасыл түсті түйіршіктер мен ішінде ұнтақ түріндегі заты бар 5 пластик ыдыс табылды. Сараптама бумалар мен ыдыстарға синтетикалық есірткі оралғанын анықтады», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов. 

Ұсталған азаматтың әрекеті тергеумен ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сараланды. Ол УҰИ-ға қамауға алынды. Алматыға шөпті жеткізудің нақты арнасы белгілі болады. Қазір күдікті синтетикалық есірткіні интернет арқылы алғанын алға тартып отыр.

Бөлісу: