Алматыда шетелдіктер интимдік қызмет көрсетіп келген

23 Қараша 2023, 17:09 2061

Алматыда Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары интимдік қызмет көрсетіп келген, – деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жезөкшелікпен айналысқан төрт шетелдік әйел жауапкершілікке тартылды. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында қаладағы қонақүйлердің бірінде интимдік қызмет көрсетумен айналысқан 11 әйел анықталды, олардың төртеуі Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары.

Құқық бұзушылар ҚР «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңының 29-бабы бойынша материал жинау үшін Алатау аудандық ПБ-ға жеткізілді, содан кейін қабылдап-таратуға орналастырылды. Қонақүйде ұсталған алты әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал қонақүй кешенінің иесі ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.

Айта кетейік, 14 қарашадан бастап қалада шетел азаматтарының ҚР-да болу ережелерін бұзу деректерін анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарын және шетелдіктерді заңсыз тартуды анықтау мақсатында іс-шара жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: