14.06.2023
15:15
1201
Алматыда шетел азаматшасын итеріп, құлатқан полицей жұмысынан қуылды

Алматыда шетел азаматшасын итеріп, құлатқан полицей жұмысынан қуылды

Алматыда қызметтік көліктің есігін ашпақ болған шетелдік әйелді итеріп, жерге құлатқан полицей жұмысынан қуылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшысы сабырсыздық танытып, іс-әрекетімен қоғамда наразылық тудырды. Салдарынан полиция қызметкерлері сынға қалды.

Тәртіп бұзған қызметкер 14 маусым күні жұмыстан шығарылды. Ол полицей органда ұзақ жұмыс істемеді, – деп хабарлады ведомстводан.