Алматыда шатырдан құлап, қайтыс болған оқушының әкесі жүрекжарды жазба қалдырды

18 Қыркүйек, 23:35 705

Алматыда көпқабатты тұрғын үй шатырынан құлап, көз жұмған екі жасөспірімнің бірі белгілі эколог Евгений Мұхамеджановтың қызы. Қызынан айырылған әке қаралы оқиғаға қатысты желі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Сұрақ өте көп, ауыр қайғы. Жүрегімнің бір бөлігін жұлып кетті. Болған оқиғаға қатысты, оған қоса сұхбат беру туралы менен сұрамаңыздаршы. Кішкентай ғана қызым қайтыс болды, болған жағдайды өзгерте алмаймыз. Қолдау білдіріп жатқандарыңызға рахмет,-деп жазды Евгений Мұхамеджанов. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда екі оқушы қыздың денесі табылды. Олар көпқабатты тұрғын үй шатырынан құлап, қайтыс болған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. 

Зарина Арман
Бөлісу: