22.09.2023
23:15
3943
Алматыда шағын кәсіпорындар саны екі есеге артты

Алматыда шағын кәсіпорындар саны екі есеге артты

Биыл Алматыда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпорындар саны 315,2 мыңды құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 44,7%-ға артық.

2023 жылдың бірінші тоқсанына Алматыда республика бойынша тіркелген 2,1 млн-нан 368,6 мың ШОБ субъектісі тіркелген.

Бұл ретте оның 315,2 мыңы — жұмыс істеп тұрған компаниялар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 44,7% — ға артық, - деп хабарлады агенттік Ұлттық статистика бюросының деректері негізінде.