Алматыда «Сенім» орталығының ерекше балаларын құттықтады

29 Сәуір 2023, 16:00 1367

Алматыда бірлік күніне орай «Сенім» орталығының ерекше балаларын құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. 

1 мамыр күні Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығының ерекше балаларын құттықтады. Орталықтың қызмет алушыларына мерекелік концерт ұйымдастырылып, сыйлық табысталды. Орталықта барлығы 112 ерекше бала тұрады, оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 46 бала.

«Өзара қолдау арқылы біз барлық қиындықтарды жеңеміз. Сондықтан бұл мереке біздің халқымыз үшін ерекше. Орталықтар қызметінің негізгі миссиясы адамдарды біріктіру және олардың әлеуметтік бейімделуіне көмектесу екенін атап өтемін. Бұл жерде біз достар табамыз. Өйткені, тек бірлік бізге өмір жолындағы барлық қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Балалар мен орталық ұжымын шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік пен келісім тілейміз», - деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева.

Естеріңізге сала кетейік, "Сенім" орталығы 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме болып табылады. Мұнда балалар стационар жағдайында тұрмыстық, медициналық және педагогикалық қызметтерден бастап мәдени-демалыс іс-шараларын, экскурсияларды, мерекелерді ұйымдастыруға дейінгі арнайы әлеуметтік қызметтерді алады.

EL.KZ
Бөлісу: