20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрінісАлматыдағы Сайран көлінің жағалауында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды экосенбілік өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шара табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Сенбілікке Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков қатысып, Сайранның – қала тұрғындары мен қонақтары үшін демалысқа арналған жаңартылған орын екенін атап өтті.
Шараға еліміздің белгілі мәдениет қайраткерлері мен өнер өкілдері – әнші Жұбаныш Жексенұлы, актерлер Бақыт Тұшаев, Ұлан Нүсіпәли, жазушы Ұлықбек Есдәулет, ақын Мұратхан Шоқан, актрисалар Лиза Серікова мен Камалия Байтлеуова, цирк әртістері мен танымал орындаушылар қатысты. Олар жастар арасында экологиялық жауапкершілікті қалыптастырудың маңыздылығын айтты.
Жұбаныш Жексенұлы табиғатты сақтау – келешек ұрпақ алдындағы парыз екенін айтса, Камалия Байтлеуова мұндай сенбіліктердің тұрақты түрде өткізілуін қолдайтынын жеткізді. Ұлықбек Есдәулет қала экологиясын жақсартуда әр тұрғынның жауапкершілігі маңызды екенін атап өтті.
Шараға 1000-нан астам жасылелдік, волонтерлер мен қоғам белсенділері қатысты. Сол күні Алматының барлық 8 ауданында экологиялық сенбіліктер ұйымдастырылып, 11 мыңға жуық адам, 275 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 1460 текше метрден астам қоқыс жиналды.
20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?