Алматыда самокат мінген баланы «ГАЗель» жүк көлігі қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға көлік камерасына түсіп қалған. Кадрларда сары самокаттағы кішкентай баланың жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанын көруге болады. Осы уақытта оны бағдаршамның жасыл түсіне өтіп келе жатқан «ГАЗель» қағып кетеді.
Полиция мәліметінше, оқиға Алматыдағы Өтепов пен Розыбакиев көшелері қиылысында болған.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі лқиға салдарынан бала дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.
Тергеуге кіріскен Бостандық аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.