Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешені сүрілуде

2 Қараша, 21:05 454

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Ерменсай шағын ауданындағы 7-ші бұрылыс 8-учаскеде орналасқан тұрғын үй кешені сот шешімімен заңсыз деп танылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нысанға жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында «MGM Development» ЖШС аталған тұрғын үй кешенінің құрылысын СЖТ-сыз, эскиздік жобаны келісусіз, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасыз, мемлекеттік сараптама, авторлық және техникалық қадағалаусыз бастағаны анықталған.

2023 жылы 27 желтоқсанда Алматы қалалық соты МАЭС-ның нысанды сүру туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды, меншік иесінің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады.

Кеше нысанды сүру жұмыстары Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Алматы әкімдігі ұсынған мәліметке сүйенсек, қала басшысы Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысты бақылауды күшейту тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 50 заңсыз нысан, соның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқа да нысандар толық немесе жартылай бұзылған.

Зарина Арман
Бөлісу: