Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты туннель мен жолайрық съездері бір тәулікке жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
@AlmatyJoly Telegram-арнасының жазуынша, Рысқұлов-Кудерин жолайрығының учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі. Атап айтқанда, 28 шілдеде сағат 23.00-ден 29 шілде сағат 23.00-ге дейін қозғалыс Кудерин көшесі бойымен Сахалинская көшесінен туннельдің соңына дейін, Рысқұлов даңғылынан батыс бағытта съезд, шығыс бағытта Солтүстік айналма көшесіне съезд, оңтүстік бағытта бұрылыс толығымен жабылады.
Айналма жол Москвин, Сахалинская, Крылов және Бөкейханов көшелерімен қамтамасыз етіледі.
Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады.