Алматыда Ресей полициясы іздеп жүрген есірткі сатушы ұсталды

Кеше, 09:57 309

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 26 жастағы Станислав Конаковқа есірткі қылмысын жасағаны үшін Ресей Федерациясы ІІМ мемлекетаралық іздеу жарияланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот оған бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу туралы шешім қабылдаған болатын.
Алайда күдікті қашып кеткен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қашқынды Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға түсірді. Ол қаладағы тұрғын үйлердің бірінде жасырынып жүрген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген мәліметте.

Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешілуде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: