Алматыда рәміздер күнінде мемлекеттік ту көтерілді

4 Маусым 2023, 14:27 834

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматыда «Батыр» Президенттік полкінің ту көтеру тобының салтанатты рәсімі және гимнді жаппай орындау өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Патриоттық іс-шара «Медеу» биік таулы спорт кешенінде өтіп, оған Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, мәслихат депутаттары, жұртшылық пен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Іс-шараға барлығы мыңнан астам алматылықтар жиналған. 

Мерекелік әнұран бір уақытта орындау қаланың барлық аудандарында сағат 11:00-де басталды. Рәміздер күнін мерекелеу веложарысқа ұласты. Жарысқа 500-ден астам алматылық қатысып, Шевченко көшесінің бойында өтті. Велошабандоздар М.Ганди саябағынан Қонаев көшесіне дейінгі қашықтықты жүріп өтті.  

Мерекелік іс-шаралардың соңы ашық аспан астындағы концертке ұласып, қаладағы Абай алаңында қала тұрғындары үшін отандық эстрада жұлдыздарының орындауында әндер тарту етілді. 

Асқар Таудай
Бөлісу: