Алматыда қылмыстық атқару жүйесін басқарғандар парамен ұсталды

10 Қыркүйек, 14:12 600

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Лауазымды адамдар ҚР Қылмыстық кодексінің 361 (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану), 362 (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) және 366 (Пара алу) баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдіктелуде.

Сот санкциясымен 3 қызметкерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: