Алматыда құйылған бетон шығаратын зауыт ашылды

20 Қыркүйек, 02:21 530

Алматыда «ЛМБ 2022» құйылған модификацияланған бетон шығаратын жаңа зауыт ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпорын Жетісу ауданында орналасқан және 100-ден астам адамды жұмыспен қамтитын болады.  Жаңа технология күрделі архитектуралық пішінді құрылымдар үшін бетон өндіруге мүмкіндік береді, бұл құрылыс қуатын едәуір кеңейтеді.

Аудан әкімі Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, биыл ауданда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5% — ға өсіп, 174 млрд теңгеге жетті. Жаңа зауыт экономиканың одан әрі өсуіне зор үлес қосады деп күтілуде.

Зауыт жоғары сапалы бетондар шығару және жылына 100 мың м3 қуатқа қол жеткізуді жоспарлап отыр.  

Перизат Саденова
Бөлісу: