17.02.2024
10:59
1636
Алматыда қойма өртеніп жатыр

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Алматы қаласы Жетісу ауданында орналасқан қойма өртеніп жатыр. Оқиға Көкмайса шағынауданындағы өрт таңғы уақытта болған, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі деңгей бойынша жұмыс істеуде. 

Алдын ала мәлімет бойынша қойманың шатыры ашық жалыннан өртенген. Жақын маңдағы әкімшілік ғимаратты қорғау үшін өрт сөндіру және қорғау үшін саптамалар орнатылды.

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 70 қызметкері және 18 техникасы жұмыс істеуде.

Оқи отырыңыз: