Алматы мәслихатының кезектен тыс XXI сессиясы барысында депутаттар қаланың қоғамдық көлігінде жол жүруге қатысты 120 теңгеге жаңа тарифті мақұлдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, тарифті 120 теңгеге дейін көтеру техниканы дер кезінде жөндеуге, қосалқы бөлшектерді дер кезінде сатып алуға және тасымалдаушыларға түсетін қаржылай жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Алматыда 2468 автобус пен троллейбус шығаратын 22 жеке және 1 коммуналдық автобус паркі жұмыс істейді. Олар тәулігіне 1,5 миллион жолаушыны тасымалдайды.
Алайда күнделікті кірістер тасымалдаушылардың барлық шығынын өтей алмайды. Нәтижесінде техниканы уақытылы жөндемеуге, қосалқы бөлшектерді сатып алудағы кідірістер, маршруттардағы жүйеліліктің бұзылуына, жүргізуші құрамының кетуі мен тасымалдаушылардың өз қаражатынан шығыстарды жабуына және саланы дамыту үшін мүмкіндіктердің болмауына әкеліп соғады, – делінген хабарламада.
Алматы әкімдігі 2023 жылы 600 газбен жүретін автобус, 100 троллейбус сатып алды. Сонымен қатар, жеке тасымалдаушылар 2023 жылы 550 автобус жеткізді. Биыл тағы сонша автобус,112 троллейбус және100 электравтобус сатып алу жоспарда. Қабылданған шаралар 2024 жылы экологиялық таза көліктің үлесін 70% - ға дейін арттыруға мүмкіндік бермек. Қоғамдық көліктердің орташа қолдану мерзімі-3 жыл.