Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушылары үшін қауіпсіздік шаралары талқыланды

14 Қаңтар, 06:45 1205

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушылары үшін қауіпсіздік шаралары талқыланды, деп хабарлайды ндағы шахтада болған апаттан кейін көмір өндіруге тыйым салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Талқылау жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік кәсіпорындарының бірінде өткен жиын аясында болды. Онда үшінші адамдардың заңсыз әрекеттерінен жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру бойынша өңірлік шаралар әзірленді.

11-15 қаңтар аралығында республика аумағында жергілікті атқарушы органдармен, көлік министрлігі көлік комитетінің аумақтық бөлімшелерімен және жұртшылық өкілдерімен бірлесе отырып, “Тасымалдаушы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Басты мақсат – қоғамдық көліктегі кез келген құқық бұзушылыққа “мүлдем төзбеушілік” және жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

Полицияда қоғамдық көлік салонын “102” арнасына шығатын дабыл түймелерімен және көлік ұйымының диспетчерлік қызметімен жабдықтау, ревизия жүргізу және автобустарды бейне және дыбыс жазу функциялары бар бақылау камераларымен жаңарту мәселелерін қарастыруды, сондай-ақ көлік ұйымының диспетчерлік қызметі, көлік жүргізушілеріне төтенше жағдайлар және қауіпсіздікке қауіп төнген жағдайда көлікті толығымен тоқтату шараларын қабылдауды және “102” арнасы арқылы дереу полицияға хабарлауды ұсынады.
 

Перизат Саденова
Бөлісу: