25.04.2024
15:20
1636
Алматыда қоғамдық автобус өртенді

Алматыда қоғамдық автобус өртенді

Алматыда Райымбек пен Сүйінбай көшесінде қоғамдық автобус өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық ТЖД департаменті El.kz тілшісіне оқиғаға қатысты пікір білдірді.

25 сәуірде 15:05-те Жетісу ауданы, Райымбек даңғылы Сүйінбай көшесі қиылысы мекен жайы бойынша автобустың жануы туралы хабарлама түсті. ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Оқиға орнында өрт сөндіруге оқпандар берілді, - деп пікір білдірді Алматы қалалық ТЖД департаменті.