Алматыда қазақстандық өндірушілер көрмесі басталды

5 Мамыр 2023, 08:08 1329

5-7 мамыр аралығында «Атакент» көрме орталығының 11-ші павильонында отандық тауар өндірушілердің Ulttyq ÓNIM көрмесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көрме барысында лотерея, азық-түлік дегустациясы, сән көрсетілімі, семинар, тренингтер өтеді. Көрме қонақтары Қазақстанның түкпір-түкпірінен келетін кәсіпкерлердің ең үздік тауарларын өз бағасына сатып ала алады.

Көрменің алғашқы күні бас сахнада қазақстандық өндірушілердің тіккен киімдерінен сән көрсетілімі өтеді. Ал екінші күні азық-түлік алып келген компаниялар өнімдерін «Халық Таңдауы» дегустация байқауына ұсынады.

Берік Арманов
Бөлісу: