Алматыда «Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр

17 Мамыр, 02:23 435

ҚР Ұлттық кітапханасында «Qazaq Book Fair» ауқымды кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың оқуға деген қызығушылығын арттыру және насихатту, оқырман талғамын қалыптастыру.

Көрмеге Қазақстандағы ірі баспалар қатысты. Іс-шара аясында жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, авторлармен кездесулер, қолтаңба-сессиялар, балаларға арналған шеберлік сыныптары өтті, - делінген мәліметте.

Көрмеге келушілерге жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқаров, жазушы Гузель Яхина, белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлымен шығармашылық кездесу ұйымдастырылды.

«Qazaq Book Fair» 17 мамырға дейін өтеді.

Зарина Арман
Бөлісу: