Алматыда қай жерлерде самокатпен жүруге болмайды

8 Маусым 2023, 14:09 712

Алматы қаласының тұрғындары мен жол қозғалысының қатысушыларын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін қалада қай жерлерде самокатпен жүруге болмайтыны айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мегаполис әкімшілігінің мәліметінше, мына жерлерде жалға алынатын самокаттармен жүруге болмайды:

- «Южный», 28 панфиловшы, Мәдениет және демалыс, сонымен қатар Тұңғыш президент саябақтары;

- «Северный» сквері;

- ҚБТУ аумағы;

- Ботаникалық бақ;

- Панфилов және Мақатаев көшелерінде жылдамдыққа сағатына 10 шақырымнан аспау керек деген шектеу енгізілген.

Сонымен қатар аталған учаскелерде электросамокаттарды тұраққа қоюға да тыйым салынған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: